ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 ақпан 2022 17:05
Nur Otan съезінің күн тәртібі жарияланды
Nur Otan партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның кезектен тыс съезінің күн тәртібін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін саяси кеңес қаулысы бойынша, съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:
1. Партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
2. Nur Otan партиясының модернизациясы", - деп жазды Оралов.
Сондай-ақ, Оралов Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев съезге онлайн форматта қосылатынын жазды. Еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу