ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2022 | 12:21
Нұр-Сұлтан әкімі: Деструктивті күштердің арандатуына ермеуге шақырамын!
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алтай Көлгінов қалада жағдай тұрақталғанын хабарлады.
"Дегенмен, құқық қорғау органдарының бәрі жұмысын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр. Елорданың периметрі бойынша блокбекеттер орнатылды, сол сияқты полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралайды.
Өздеріңіз білетіндей, қаламызға сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Полиция қаланы күзетеді. Бұл уақытта тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынады.
Қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын!", - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также