ПОДЕЛИТЬСЯ
21 маусым 2021 | 12:47
Нұр-Сұлтан әкімі тұрғындарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында тұрғындарды санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында тұрғындарды санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкім қала әлі "қызыл" аймақта екенін еске салды.
"Күнделікті COVID-2019 инфекциясының 250-300 жағдайы анықталады. Бір жағынан, бұл ПТР тестілерінің санын көбейту арқылы, екінші жағынан, оқшаулау мен санитарлық нормалардың бұзылуынан болып отыр. Ashyq жобасы арқылы карантин талаптарының өрескел бұзылғанын көріп отырмыз. Өзін-өзі оқшаулауы тиіс (байланыста болған, жұқтырған) азаматтар бар, бірақ олар адам көп жиналатын орындарға баруын тоқтатар емес. Осылайша, коронавирустың таралуына әсер етіп жатыр. Мұндай адамгершілікке жатпайтын бұзушылықтарды тоқтатып, жолын кесеміз!", - деді ол.
Көлгінов қала тұрғындарын сырқаттанған адамдардың статистикасына бей-жай қарамауға шақырды. Әрбір санның артында бір адамның өмірі, олардың отбасының тағдыры тұрғанын айтты.
Фото: Александр Куприенко
"Медициналық рұқсаты жоқ және әлі вакцинацияланбаған адамдар отпен ойнап жүргенін білмейді: олар ерте ме, кеш пе жеңіледі. Бұл ретте өз денсаулығын ғана емес, туыстарына, жақындарына және қоршаған ортаға қауіп төндіреді!
Былтыр, яғни жағдай бұдан да ауыр кезде санитарлық нормаларды сақтаудан басқа амалымыз болмаған еді, ал 2021 жылдың басынан бастап вакцинация басталды! Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде, сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін СОО, СҮ және адам көп жиналатын басқа да орындарда ашылды. Вакцинация бәріне тегін жүргізіледі. Оның бірнеше түрі бар", - деді әкім.
Сонымен қатар, Алтай Көлгінов көршілес елдерде коронавирустың таралуы күшейіп, штамдардың жаңа түрлері пайда болғанын айтты. Өзге елдерде карантиндік қосымша шектеулер енгізіліп, жаңа инфекциялық стационарлар ашылып жатыр.
Фото: Александр Куприенко
"Коронавирустың ең ауыр кезеңінде елордада төрт мыңнан астам төсек-орын аштық. Инфекциялық стационарларда нон-стоп режимінде сегіз мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта біздің стационарларда 1000-ға жуық адам ем алуда. Төсек орындарының жүктемесі қазірдің өзінде 50 пайыз!
Қаламызға қосымша шектеулер енгізгіміз келмейді. Бұл қала экономикасына, тұрғындардың әл-ауқатына әсер етеді. Сонымен қатар, күзде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ балаларымыз үшін мектептерді қайта аша алмаймыз", - деді ол.
Әкім ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін қала қалыпты режимге оралмайтынын ескертті.
"Вакцинация адам өмірін қауіпті вирустан құтқаратын жалғыз панацея. Біз ешбір дәлелі жоқ, ауыздан ауызға таралған, интернетте, чаттарда жазылған жалған әңгімелерге емес ғылыми түрде дәлелденген қорғану тәсіліне сенуіміз керек. Вирус адам жасына қарамайды. Оған бәрібір. Ол мейірімділікті білмейді!
Достар, өзіңіздің, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне бей-жай қарамауыңыз керек! Біз айналамыздағы адамдар үшін жауаптымыз! Вакцинация арқылы өзімізді қауіпсіздендіре отырып, жақындарымызды қатерден сақтаймыз!" - деп жазды елорда әкімі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также