15 ақпан 2022 | 17:24

Нұр-Сұлтан әкімдігі сауда орталығының ғимаратын сатып алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Нұр-Сұлтан әкімдігі Sine Tempore сауда орталығының ғимаратын 9,5 миллиард теңгеге сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімдігі Sine Tempore сауда орталығының ғимаратын 9,5 миллиард теңгеге сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, бүгінде 30-дан аса ведомстволық бағынысты ұйымдар мен басқармалар жеке тұлғалардан үй-жайды жалға алады, жыл сайын жалға алу үшін миллиард теңгеге жуық төлейді.

"Бұл сома жыл сайынғы жалдау құнына байланысты өсіп отырады. Осы ұйымдар түрлі аудандарда орналасқан және басқармалар мен әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары орналасқан бір ғимарат бұрыннан қажет еді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Sine Tempore ғимаратын сатып алу жалға алу кезінде ақшаны үнемдеп қана қоймай, "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, себебі сауда орталығы әкімдік ғимаратының маңында орналасқан.

"2020 жылы екі компания жоғары тұрған нысан бойынша 12,6 және 11,7 миллиард теңгеге жуық сомаға баға берген. 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізілді, онда құны 9,5 миллиард теңге деп көрсетілді. Ұсынылған соманың ең азына ғимаратты сатып алу қалалық мәслихаттың келісімі бойынша жүзеге асырылды", - деп түсіндірді әкімдік қызметкері.

Sine Tempore ғимараты Кенесары даңғылында орналасқан. Бұрын ғимарат ОӘД болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная