27 шілде 2022 | 08:55

Нұр-Сұлтан әкімдігінде көпбалалы аналар кәсіпкерді соққыға жықты

Сұлу Бөлек Корреспондент
© astanatv.kz

Елорда әкімдігі ғимаратында жеті көпбалалы ана ер адамды соққыға жықты. Оқиға видеосы Қазнетте тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елорда әкімдігі ғимаратында жеті көпбалалы ана ер адамды соққыға жықты. Оқиға видеосы Қазнетте тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, әйелдер мемлекеттік органға тұрғын үй мәселесі бойынша келген. Алайда олар құрылыс саласындағы кәсіпкермен кездесіп, араларында жанжал туындаған. Кейін әйелдер шығаберісті жауып, ер адамға тап берген.

"Жанжалға қатысушылар полицияға бір-біріне арыз түсірген. Бұл дерек "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасына тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная