ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2019 | 11:49
Нұр-Сұлтан әкімдігіндегілер балабақша кезегі неге азаймай тұрғанын түсіндірді
Бүгінде елордада 5-7 жас аралығындағы 55 мыңнан аса бүлдіршін балабақшаға барып жүр, ал 14 мың бала мектепке дейінгі мекемелерге бару үшін кезекте тұр, - деп хабарлайды "Елорда Инфо".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде елордада 5-7 жас аралығындағы 55 мыңнан аса бүлдіршін балабақшаға барып жүр, ал 14 мың бала мектепке дейінгі мекемелерге бару үшін кезекте тұр, - деп хабарлайды "Елорда Инфо".
Қала басшыларының айтуынша, мектепке дейінгі мекемелердегі кезектің азаймауына өзге өңірлерден елордаға қоныс аударушылар қатарының артуы себеп болуда. Соңғы 8 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақша жасындағы бүлдіршіндердің саны шамамен екі есеге көбейіпті: 2011 жылы 74 мың болса, 2018 жылы 165 мыңнан асқан.
"Қазір елордада бүлдіршіндердің 36 пайызы жекеменшік балабақшаға барады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қосымша 7 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде ата-аналардың жекеменшік балабақшаға төлейтін ақысы - 20800 теңге, ал мемлекеттік балабақшадағы төлемақы - 16 800 теңге. Жергілікті билік жекеменшік балабақшалардың жұмыс сапасы мен тәрбиешілердің біліктілігін бақылауды күшейткен. 2018 жылдан бастап олар мемлекеттік балабақша педагогтары сияқты қалалық білім беруді жаңғырту орталығында біліктіліктерін арттырады", - дейді әкімдіктегілер.
Айта кетейік, 2017 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы елімізде алғашқы болып мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік балабақшаларға жолдаманы автоматты жүйемен беруге көшті. Қазіргі таңда бұл қызмет электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану арқылы www.e.astana.kz сайтында қолжетімді.
"Бұл жүйенің артықшылығы өтінім беруші тұлғалар арасында үздіксіз және тәулік бойы балабақшадағы бос орындарға жолдама алу мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда 70 мыңдай жолдама жаңа жүйемен берілді", - деді қалалық білім басқармасының стратегия және сандық технологияларды талдау бөлімінің басшысы Жазира Асанова.
Показать комментарии
Читайте также