17 наурыз 2021 | 12:50

Нұр-Сұлтан - Алматы жолының құрылысы қашан аяқталады?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтан - Алматы жолының құрылысы 2023 жылы толық аяқталып, ақылы автомагистральға айналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан - Алматы жолының құрылысы 2023 жылы толық аяқталып, ақылы автомагистральға айналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан-Теміртау магистралімен Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға еш кедергісіз қатынауға болады. Қарағандыдан Алматыға дейінгі жол жөнделіп, ақылы болады.

"Қазавтожол" желісін дамыту департаментінің директоры Жамбыл Бақтияр Қарағанды-Алматы автожолының жобасы бірнеше учаскеден тұратынын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Біріншісі - Қарағанды-Балқаш. Онда жұмыс қызу жүріп жатыр. Бізге биылғы жылы асфальт жабынын қамтамасыз ету міндеті қойылды. Жолдың 363 шақырымындағы төрт жолақты жолды жылдың екінші жартысында, қарашаға қарай ашуды жоспарлап отырмыз. Негізгі жұмыстар мамырда, коронавирус инфекциясына қатысты жағдай тұрақталса, ауа райы қалыпты болған кезде басталады", - деді ол.

Жамбыл Бақтияр асфальт жабыны жоспардың бір бөлігі ғана екенін түсіндірді. Барлық инфрақұрылыммен, учаске бойынша жұмыс 2023 жылдың мамырында аяқталады және ақылы негізде болады.

"Екіншісі - Балқаш-Бурылбайтал, 288 шақырым. Биыл 120 шақырым жолды ашуды жоспарлап отырмыз. 2022 жылы төрт жолақты жолды ашу жоспарда бар. Бірақ толық пайдалануға 2023 жылы беріліп, ақылы жолдар қатарына қосылады", - деп түсіндірді Бахтияр.

Жамбыл Бақтияр Нұр-Сұлтаннан Алматыға дейінгі жолдың проблемалы бөлігі - ұзындығы 228 шақырым болатын Күрті-Бурылбайтал учаскесі екенін айтты.

"Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Біз мердігер ұйымдарға келесі жылы учаскені толығымен іске қосуды міндеттедік. Биыл біз жолды жөндеп, төрт жолақты асфальтпен жабамыз", - деді ол.

Осылайша, Нұр-Сұлтаннан Алматыға дейінгі жол 2023 жылы толығымен ақылы болады. Қазір бір қаладан екінші қалаға дейінгі жол 15-19 сағатты алады. Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін арақашықтық 10 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін екенін айтқан еді.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная