03 маусым 2021 | 14:40

Нұр-Сұлтан әуежайы 2022 жылы жөндеу жұмыстарына жабылуы мүмкін

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

2022 жылы Нұр-Сұлтан әуежайында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты рейстер Көкшетау мен Қарағандыға бағытталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылы Нұр-Сұлтан әуежайында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты рейстер Көкшетау мен Қарағандыға бағытталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жылы ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Қазір жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге шарт жасалды. Жөндеу жұмыстарының форматы, мерзімдері мен қажетті қаражат ЖСҚ жобасын әзірлеу кезінде нақтыланады", - деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ атқарушы директоры Дәулет Хамзин.

Хамзин екінші ұшу-қону жолағының құрылысы нарыққа байланысты жүргізілетінін айтты.

Реклама
Реклама

"... Нарық пандемиядан кейін, сондай-ақ әуежайды дамыту жоспарында қарастырылған және қабылданған жобаларды іске асыруға байланысты тез немесе баяу қалпына келеді", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная