09 қазан 2020 12:22

Нұр-Сұлтан әуежайынан 101 жолаушы карантинге жатқызылды

Нұр-Сұлтан әуежайынан 101 жолаушы карантин стационарына жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежай баспасөз қызметіне сiлтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әуежайынан 101 жолаушы карантин стационарына жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежай баспасөз қызметіне сiлтеме жасап.

9 қазанға қараған түнде елорда әуежайына алты ұшақ қонды. Олар - Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai рейстерi.

Реклама
Реклама

"101 жолаушы ПТР-тест жасамаған немесе олардың мерзімі өтiп кеткен. Олар стационарлық карантинге жiберiлдi. ПТР-тест тапсырғаннан кейін олар үйiне жiберiледi. Ал коронавирус анықталса, инфекциялық стационарға жiберiледi", - делiнген әуежай хабардамасында.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайынан 122 жолаушы карантинге жатқызылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram