17 қаңтар 2020 | 11:55

Нұр-Сұлтан әуежайында 14 рейс кешігіп жатыр

Камила Долаева Журналист
© Тұрар Қазанғапов

Ауа райының нашарлауына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауа райының нашарлауына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Қазіргі уақытта басқа қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты тоғыз рейс уақытша тоқтап тұр. Бұл Fly Arystan әуекомпаниясының екі рейсі (Павлодар, Мәскеу) және "Эйр Астана" әуекомпаниясының жеті рейсі (Алматы – екі рейс, Қызылорда, Шымкент – екі рейс, Ақтөбе, Орал).

Реклама
Реклама

"Әуежайдан бес рейс кешігіп шығады: "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматыға төрт рейсі және "Аэрофлот" әуекомпаниясының Мәскеуге бағыты бойынша бір рейсі. Желдің екпіні қатты болғандықтан (секундына 15 метрден және одан жоғары) ұшу қауіпсіздігі мақсатында әуе кемелерін мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінің PR-менеджері Жеңіс Ахметжанов.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейтіні хабарланды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная