11 мамыр 2021 | 15:20

Нұр-Сұлтан әуежайында Ashyq салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болды

Фото: instagram.com/denski_blog

12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан әуежайы Ashyq жобасымен жұмыс істейді. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан әуежайы Ashyq жобасымен жұмыс істейді. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ертең, 12 мамырдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылады. Барлық жолаушыға қосымшаны алдын ала жүктеп алып, онда көрсетілген мәртебесін тексеру қажет екенін ескертеміз.

Терминал ғимаратына "сары" және "қызыл" мәртебесі бар адамдар жіберілмейді. Ол жағдайда қаражатты қайтару мәселесі бойынша сауалдарды авиакомпанияға жіберген жөн. Ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасынан алынады және жолаушының қазіргі уақыттағы мәртебесі анықталады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілі.

Смартфоны жоқ жолаушылар ЖСН арқылы әуежай қызметкері планшетін қолданып мәртебесін тексере алады. Шетелдік жолаушылар мәртебесін төлқұжат нөмірін енгізу арқылы тексереді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, әуежай қызметкерлері "таңертеңгі рейстер кезінде" осы мәселеге байланысты ұзын-сонар кезек туындағанын айтты.

"Мұндай жағдай қайталанбас үшін қосымшаны ұялы телефоныңызға алдын ала жүктеп алуды ұсынамыз", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная