10 наурыз 2021 12:02

Нұр-Сұлтан әуежайында бірнеше рейс кешіктірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ауа райына байланысты бірнеше рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ауа райына байланысты бірнеше рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұшуға алты рейс, ұшып келуге 10 рейс кешіктірілді. Қосымша ақпаратты әуежай анықтамалығынан немесе әуекомпаниялар call-орталығынан анықтап алған дұрыс", - деді әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпараты бойынша, 10 наурызда сағат 10 кезінде Нұр-Сұлтан әуежайындағы ұшу-қону жолағының (ҰҚЖ) ілінісу коэффициенті 0,27-ге дейін төмендеді.

"Рейсті орындаудың ең төменгі нормасы - 0,35. Қазіргі уақытта реагентті пайдаланып, ҰҚЖ тазалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жолаушылардан рейстер туралы ақпаратты нақтылап алуды сұраймыз. Азаматтық авиация комитеті мен әуекомпаниялар жұмысындағы басты басымдық - ұшу қауіпсіздігі", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети