Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әуежайы қалыпты жұмыс істеп тұр. Бірақ рейстер кешігіп және тоқтатылып жатыр. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, бірақ рейстер кешігіп жатыр. 36 рейстің қону, 28 рейстің ұшу уақыты шегерілген. 16 рейс тоқтатылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы және ұшақтың кешігіп келуі себеп", - деді Шалекенов.

Реклама
Реклама

Ол жолаушылардан әуежайдың ақпараттық қызметтері мен әуекомпанияның байланыс орталықтарынан рейстердің кешігуі, сондай-ақ тоқтатылуы туралы ақпаратты нақтылап алуды сұрады.

"Кешеден бері әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жолдарда көктайғақ болғандықтан, жолаушылардан сақ болуды сұраймыз", - деп қосты ол.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама