01 қазан 2021 12:58

Нұр-Сұлтан әуежайында тексеру күшейтілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әуежайында 1-14 қазан аралығында күшейтілген тексеру шаралары енгізіледі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі туралы радиограммасы негізінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай жолаушыларды тексеруді күшейту туралы хабарлайды. Осыған байланысты 1-14 қазан аралығында Халықаралық ұшулар терминалында әуе айлағының аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуін болдырмау үшін бірінші тексеру желісі қойылды", - делінген хабарламада.

Авиациялық қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан әуежайға алдын ала келуді сұрайды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматы әуежайында қауіпсіздік шараларын күшейту туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram