19 маусым 2020 | 18:20

Нұр-Сұлтан ауруханаларында коронавирус жұқтырған науқастарға орын жоқ - басқарма түсінік берді

Видеодан алынған кадр

Денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда толып кеткен аурухана туралы хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда толып кеткен аурухана туралы хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде медициналық мекеменің толып кетуіне байланысты елордалық №1 көпсалалы қалалық аурухананың дәлізінде емделушілер жатыр деген хабарламалар пайда болды. Желіде бірнеше видео тарады.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Казахстан |Жалобы (@zhaloby.astana) 19 Июн 2020 в 1:38 PDT

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі №1 көпсалалы қалалық ауруханада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылғандар саны күрт артқанын растады.

"Апта басында аталған ауруханада науқастар көбейіп кеткенде палата босағанша адамдарды дәліздерде уақытша орналастыру жағдайлары болды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Бүгінде палаталарға 200-ден астам адам қабылданып, орналастырылды. Тұрғындардан қаладағы эпидемиологиялық жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұраймыз. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті барлығына көрсетеді", - деп толықтырды басқарма өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная