ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2021 | 15:46
Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасы травматология бөліміндегі кезекті түсіндірді
Желіде Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында түсірілген видео тарап жатыр, онда жедел жәрдем көлігімен келген науқастар дәрігерге кезекке тұруға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында түсірілген видео тарап жатыр, онда жедел жәрдем көлігімен келген науқастар дәрігерге кезекке тұруға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Түнгі сағат 12 болды, адамдар жедел жәрдеммен келгеніне қарамастан Абылайхан көшесі, 15а бойынша травматологияға кезекте тұр. Астанада жұмыс істеп тұрған жалғыз аурухана. Мұны да астана дейді ғой!" - деп шағымданды Instagram қолданушылары.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мекеме неге толып қалғанын түсіндірді.
"Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуіне байланысты 9 шілдеде № 1 Көпбейінді қалалық аурухан ковидтік стационарға жабдықталды, осылайша ондағы жоспарлы емдеуге жатқызу кейінге қалды. Барлық бейінді бөлімшені ведомстволық клиникалар мен республикалық ауруханаларға бөлдік. Қалада бірінші қалалық аурухана базасында жарақат пункті мен травматология бөлімшесі болған. Енді жарақат алған пациенттерді уақытша Травматология және ортопедия ҒЗИ ғана қабылдайды. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу институттарына жүктеме түсті", - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, № 1 Көпбейінді қалалық аурухана 9 шілдеден бастап коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайды. Медициналық мекемеде 600 төсек-орын бар. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы № 2 Көпбейінді қалалық аурухана пациенттерді емделуге жатқызуды тоқтатты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также