Нұр-Сұлтан филармониясында МŪRА қойылымының премьерасы өтті

Нұр-Сұлтан филармониясында МŪRА қойылымының премьерасы өтті

Нұр-Сұлтан филармониясында МŪRА қойылымының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан филармониясында МŪRА қойылымының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ALEM" эстрадалық би ансамблі өзінің концерттік маусымын "Mūra" пластикалық қойылымының премьерасымен аяқтады.

"ӘЛЕМ" эстрадалық би ансамблі - Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониядағы ең жас ұжым. 2016 жылы құрылған ансамбль бүгінде әртүрлі би стильдерін, классикалық және халық биінен модерн мен эстрадаға дейінгі хореографиялық өнердің алуан түрін меңгерген кәсіпқойлар қауымдастығы. Әртістер филармония орындаушыларымен және оркестрлерімен концертте өнер көрсетеді және әріптестерінің композицияларына хореографиялық қойылым жасайды.

Реклама
Реклама

Алайда, соңғы екі жылда ансамбль репертуарында академиялық тенденция күшейе түсті. Ұжымның көркемдік жетекшісі және қоюшы балетмейстері Анель Ислямованың айтуынша, әртістер хореографиялық сүйемелдеу форматынан авторлық қойылымдар жасауға бейімделеді. "2020 жылдан  академиялық бағытқа  ауысу байқалды, эстрададан алыстап бара жатырмыз. Осындай алғашқы қойылым "Сезім by" деп аталды, ол фотостудиядағы қойылым ретінде өтті. 2021 жылы біз "BOЇ" және "Cезім by, vol. 2" екі миниатюрадан тұратын "Inside" мерейтойлық би кешін өткіздік. "BOЇ" - адамның өсіп-өркендеуі және жаңа деңгейге өтуі үшін басынан өткен кезеңдерін бейнелесе, "Cезім by, vol. 2" тек ерлі-зайыптылардың ғана емес, жалпы адамдар арасындағы қатынастарды көрсетті. 2022 жылы балалармен бірге "Жалын" жобасы жүзеге асырылды, енді "Мұра" жобасын ұсындық.

Анель Ислямова пластикалық перфоманс деп атайтын "Mūra" эксперименттік қойылымы ұжым шығармашылығындағы кезекті бір шыңға айналды. Ол ХХ ғасырдың басында елімізде болған тарихи оқиғаларға арналған. Заманауи қазақ композиторлары Тимур Көшеков, Ақмарал Мерген және "Тұран" этно-ансамблінің музыкасына эксперименттік хореографиялық стильде 11 қойылым жасады.

Анель Ислямова: "Бірнеше ай бойы ақпарат жинап, тарихи дереккөздерді зерттедім. Қойылымның нақты тұжырымдамасы әнші Орынханның "Дәрумен" әнінің әсерінен пайда болды, онда ғашықтар, туған-туыстар туралы және олардың қиын сәттерде дәрумен ретінде қажет екендігі айтылады. Қойылым басында біз көшпелі халықты, олардың тыныш өмірін көрсетеміз. Жаңа режимнің келуі олардың өмірін өзгертеді. Қойылым ортасындағы нөмірлер ағартушылық кезеңге, қазақ зиялыларының миссиясына арналған. Және қойылымда әділетсіз  халық жауы атанған әйелдер мен балалар сүйіспеншілігіне арналған "Saule" атты жеке нөмір бар. Ол қойылымның басты идеясын ашады және ең қиын сәтте адамдарға өмір мәнің іздеуге, алға жылжуға күш береді. Біз қазақ зиялыларына, және бүкіл халыққа күш-қуат беретін тек жақын адамдар екенін көрсеттік. Олар сәуле сияқты әрқашан жол көрсетушілер. Қойылым қиын қыстан кейінгі көктем туралы, жаңару туралы "Oshpes Mura" нөмірімен аяқталды. Бишілер нұрлы күндердің алда екенін ту етіп, гүл шоқтарын жоғары көтерді".

Қойылым премьерасы хореографиялық қоғамдастықты назардан тыс қалдырмады. Қазақ ұлттық хореография академиясы хореография факультеті деканының орынбасары, өнертанушы Дина Қабдусова қойылымның артықшылықтар арасында музыкалық материалдың виртуозды таңдалуы мен жинақталуын, қойылым авторының өзекті тарихи тақырыпқа үндеуін, оны ұлттық мәдениет аясында пластикалық қимылдар мен театр аспаптары арқылы ұғындыруын атап өтті.

Е. Рахмадиев атындағы МАФ бас директоры Ерлан Дакеновтің айтуынша "Mūra" қойылымы елорда өміріндегі мәдени оқиғаға айналды және көктемгі концерттік маусымды жауып, жаңа маусымның репертуарында міндетті түрде болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама