17 сәуір 2021 11:44

Нұр-Сұлтан жолдарында сары белгі пайда болды

© Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан жолдарында сары белгі пайда болды. Бұл ауа райы нашарлаған кезде жүргізушілердің зейінін арттыру үшін қажет екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан жолдарында сары белгі пайда болды. Бұл ауа райы нашарлаған кезде жүргізушілердің зейінін арттыру үшін қажет екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астана аумағында пилот жоба аясында Мәңгілік Ел даңғылы бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін сары түсті тұтас қос жолақты қолдану бойынша тәжірибе түрінде жұмыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл таңбаны Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлер нормативтік актілерде сары түсті белгілерге қолдануға тыйым салынбағанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Осы таңбаны пайдалану уақытында жол апаты жағдайларын зерделей келе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, оның ішінде жол қозғалысы ережелеріне тиісті өзгерістер енгізіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомстводағылар сары таңба жүргізушілердің назарын жолға шоғырландыруға, сол арқылы қауіпсіздік деңгейін, әсіресе жауын-шашын кезінде арттыруға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram