23 тамыз 2019 15:39

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Нұрлан Сыдықов. © astana.gov.kz

Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов 1983 жылы дүниеге келді, жоғары білімді, 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ол Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.

9 жыл мәдениет басқармасын басқарған Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram