ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қаңтар 2022 | 13:14
Нұр-Сұлтан коменданты елордадағы жағдайды айтты
Елорда коменданты Ержан Сәденов Нұр-Сұлтандағы жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елорда коменданты Ержан Сәденов Нұр-Сұлтандағы жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Баспасөз қызметі мәліметінше, елордада құқық қорғау органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қаладағы жағдай толық бақылауға алынған. Қалада 6 блокбекет тәулік бойы жұмыс істейді.
"Осы қиын кезеңде азаматтар немқұрайдылыққа жол бермеу керек. Төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынғанын еске салғым келеді. Заңбұзушылар анықталса, лицензиясынан айыруға дейін қатаң жазаланады", - деді Ержан Сәденов.
Қалада сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат жалғасады. Төтенше жағдай режиміне байланысты қалада профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, полиция қызметкерлері тұрғын үй маңдарын аралап шығады. Осы уақыт аралығында заңсыз іс-әрекеттерге жол бергендерді және көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау мақсатында 4649 тұрғын үй мен 420 хостел тексерілді. Тексеріс барысында көші-қон заңнамасын бұзған 1372 адам анықталды, 38 шетелдік елден шығарылды. ТЖ режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 318 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 30-ы қамауға алынып, 137 адамға айыппұл салынды.
Елордадағы жол қауіпсіздігі де бақылауға алынған. ТЖ кезінде көлік құралын мас күйінде жүргізген 10 жүргізуші анықталды, барлығы сот шешімі бойынша қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері блокбекеттерді қатаң бақылайды. Блокбекеттер қойылған сәттен бастап тыйым салынған заттарды анықтау үшін 50 мыңға жуық автокөлік мұқият тексерілді. Нұр-Сұлтан қаласы мен блокбекеттерден 2 тегіс ұңғылы "Сайга" мылтығы, РГД-5 оқу-жаттығу гранатасы, CZvz.27. маркалы тапанша, травматикалық тапанша, сауыт, оқ-дәрілер, 11 бит, 5 резеңке таяқ, 3 кастет, 3 таяқ, 3 пышақ, аэрозоль тапанша, кісен және бұрыш балоны тәркіленді. Барлық дерек бойынша тексеріс жүргізілетіні айтылды.
Блокбекетте есірткі құралдарын заңсыз сақтаған 2 дерек анықталды. Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, тексеру барысында ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы жолаушыны анықтады. Ол маусымда Павлодарда ұрлық жасағаны анықталды. Сондай-ақ, басқа көліктен Қарағандыда осындай қылмыс жасаған 36 жастағы жолаушы ұсталды.
Қалалық комендатура басшылығы коменданттық сағатты сақтауға, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбауға шақырады. Барлық заңсыз әрекет дереу тоқтатылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также