Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша "сары" аймаққа енді - бас санитар дәрігер

Фото:Тұрар Қазанғапов

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан коронавирус таралуы бойынша "сары" аймаққа енгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан коронавирус таралуы бойынша "сары" аймаққа енгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Нұр-Сұлтан "сары" аймақта. Яғни, "сары" аймақ болған кезде бізде жеңілдету болмайды. Бізде күніне 49 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Сондықтан сауда және ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға қатысты жеңілдік жасай алмаймыз, ондай мүмкіндігіміз жоқ", - деді Пірәлиева.

Пірәлиева елордада бұрынғы карантиндік режим сақталатынын атап өтті. Оның сөзінше, науқастар арасында вирусты басқа өңірлерден алып келгендер де бар екен. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама