ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2021 | 15:59
Нұр-Сұлтан көшелерінің 15 учаскесінде автобус жолағы пайда болады
Нұр-Сұлтан көшелерінің 15 учаскесінде жаңа автобус жолағын (Bus Lane) енгізу жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан көшелерінің 15 учаскесінде жаңа автобус жолағын (Bus Lane) енгізу жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олардың жалпы ұзындығы - 42,3 шақырым.
2021-2022 жылдары қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақты көшелер мен даңғылдардың белгілі бір учаскелерінде іске қосу жоспарланды:
Жеңіс (Конституциядан Кенесары көшесіне дейін);
Байтұрсынов (Аманжолов көшесінен "Нұрлы жол" вокзалына дейін);
Нәжімеденов (Қалдаяқов көшесінен "Нұрлы жол" вокзалына дейін);
Мұхамедханов (Тұран даңғылынан Айтматов көшесіне дейін);
Түркістан (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін);
Абылай хан (Мустафин көшесінен Пушкин көшесіне дейін);
Қабанбай батыр (Сығанақ көшесінен Қарқаралы шоссесіне дейін);
Тұран (Сығанақтан Керей, Жәнібек хандар көшесі және Қонаевтан Сарайшыққа дейін);
Момышұлы (Қошқарбаевтан Тоқпанов көшесіне дейін);
Тәуелсіздік (3 участок: Пушкиннан Майлинға дейін, Момышұлынан Байтұрсыновқа дейін және Нәжімеденовтен Панфилов көшесіне дейін);
Ұлы Дала (38 көшесінен Мәңгілік Елге дейін);
Мәңгілік Ел (Керей, Жәнебек хандары көшесінен Ұлы Далаға дейін);
Қошқарбаев (Абылай ханнан Тәуелсіздікке дейін).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также