01 қыркүйек 2021 | 17:51

Нұр-Сұлтан маңындағы мектепте 1 "Ы" сыныбы ашылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Бахтияр Даркеев

Ақмола облысының Қосшы қаласында жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының саны 2020 жылғы көрсеткіштен асып түсті. № 2 орта мектепте 1 "Ы" сыныбы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының Қосшы қаласында жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының саны 2020 жылғы көрсеткіштен асып түсті. № 2 орта мектепте 1 "Ы" сыныбы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Целиноград аудандық білім бөлімінің басшысы Қанат Ахметовтың айтуынша, жаңа оқу жылында қаладағы бірінші сынып оқушыларының саны 1000-нан асқан.

Реклама
Реклама

"2021 жылы Қосшы қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 мектепте бірінші сынып оқушылары - 385. № 2 орта мектепте - 635 бірінші сынып оқушысы, "Дара" бизнес академиясы" мектеп-лицейінде - 96 бірінші сынып оқушысы бар.

Жалпы, биыл қаладағы бірінші сынып оқушыларының саны - 1116 бала. Бұл былтырғымен салыстырғанда көп. Былтыр Лесная полянадағы мектепте 480 бірінші сынып оқушысы болды. Бірінші мектепте 320 бала болды", - деді Қанат Ахметов.

Оның айтуынша, Лесная полянадағы мектепте биыл бірінші сынып оқушыларының көптігіне байланысты 1 "Ы" сыныбын ашуға тура келген. Мектепте барлығы 26 бірінші сынып бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная