Нұр-Сұлтан мен Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың саны азайып жатыр - бас санитар дәрігер

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны азайып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны азайып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есмағамбетова бұл көрсеткіштің төмендеуін карантинмен байланыстырып отыр.

Дегенмен, бас санитар дәрігердің айтуынша, еліміздің бірнеше өңірінде коронавирус әлі де өршіп тұр.

Реклама
Реклама

"27 наурыздан бері Нұр-Сұлтанда бір күнде коронавирус жұқтырғандардың саны 60 пайызға азайды. Қазір Алматыда бір күнде орташа есеппен 5-15 адам аралығында коронавирус жұқтырып отыр. Алайда кейбір өңірлерде вирус жұқтырғандардың саны бір күнде 20-30 пайызға көбейіп жатыр - Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және Атырау облыстарында. Осы өңірлерде қосымша шектеу шараларын қабылдау қажет", - дейді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 604-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама