17 наурыз 2020 | 16:32

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды

© REUTERS

Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Реклама
Реклама

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

19 наурыз сағат 00:00-ден келесі шаралар күшіне енеді:

карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру; карантин аймағының периметрін белгілеу және одан кіру/шығу пункттерін анықтау; адамдардың жүріп тұруын, сондай-ақ көлік құралдарының кіруін/шығуын шектеу; үш санат бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету: жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндік; халықты азық-түлікпен жабдықтауды ұйымдастыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуі үшін оңтайлы, азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалық аумақтағы секторларды және олардың шекараларын анықтау; қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату; азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлар сатылатын сауда базарларының, ірі сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сату жөніндегі оларда орналасқан объектілерді қоспағанда, тоқтата тұру; санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, "клиенттерге жеткізу" қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жаңа жұмыс режимін белгілеу; ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру; карантин аймақтарындағы халықтың және әрбір сектордың тамақ өнімдеріне, дәрі- дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен бірінші қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін айқындау; карантин аймағының әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша азайтуды ескере отырып, сауда және азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау; ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шаралар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная