08 маусым 2020 | 18:43

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талабы күшейе ме?

Фото: © Reuters

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмамғамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талабын күшейтуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмамғамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талабын күшейтуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі алдымен еліміздегі коронавирусқа байланысты жағдайды кейін өңірлерді жағдайды бағалайды. Мамандар тек қана аурудың өсімін ғана емес, нысандардағы карантин талабының сақталуы, тұрғындардың масканы тағуы, арақашықтықты сақтауы, науқастардың саны және тағы басқа жағдайды ескереді. 

Реклама
Реклама

"Әзірше Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талабын күшейту мәселесі жайында сөз болған жоқ. Алайда егер жоғарыда аталған талаптар сақталмаса, бұл "тепе-теңдіктің" бұзылуына әкеледі, карантин талабы қайта күшеюі мүмкін", - дейді Айжан Есмамғамбетова. 

Сондай-ақ, еліміздің бас санитар дәрігері белгілі бір қала немесе аймақта карантин талабын күшейту туралы шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдайтынын атап өтті. Олардың шешімі бойынша өңірдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде сауда орталықтары, кафелер және басқа да объектілер қайта жабылуы мүмкін.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная