07 шілде 2022 | 15:48

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құрбан шалатын орындар аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Алматыда Құрбан айтта құрбандық шалуға болатын 13 орын таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Құрбан айтта құрбандық шалуға болатын 13 орын таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен брифингте қаланың бас имамы Төлеби Оспан 2022 жылы Құрбан айт 9-11 шілде аралығында өтетінін айтты. Қала әкімдігі құрбандыққа шалынатын малды союға және сатуға рұқсат етілген 13 орынды бекітті. Бұл орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әкімдік қызметкерлері, ветеринарлық қызмет полициясының кезекшілігі ұйымдастырылады.

Брифингке қатысқан Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы эпидемиологиялық жағдай матрицасында "сары" аймақта тұрғанын еске салып, тұрғындарды коронавирусқа байланысты бұқаралық шараларды өткізбеуге шақырды.

Реклама
Реклама

Алматыда құрбан шалуға арналған орындар:

Алатау ауданы:

     "Мырзахмет" мешіті, Қарасу шағынауданы, Солтүстік айналма тасжолы, 15;
     "Әскер ата" мешіті, Әйгерім-1 шағынауданы, Бенберин көшесі, 18/4;
     "Алғабас" мешіті, Алғабас шағынауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
     "Әл-Азим" мешіті, Боралдай шағынауданы, Азат көшесі, 20А.

Бостандық ауданы:

  • "Бақыткелді" мешіті, Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11;

Жетісу ауданы:

  • "Вайнах" мешіті, Айтықов көшесі, 1А.

Медеу ауданы:

  • "Аманқұл ата" мешіті, Бигелдинов көшесі, 5;
  • "Фатима" мешіті, Жәнібек көшесі, 148;
  • "Райымбек батыр" мешіті, Думан-1 шағынауданы, Хан-Тәңірі көшесі, 1.

Наурызбай ауданы:

  • "Қалқаман-2" мешіті, Қалқаман-2, Аспандияров көшесі, 84;
  • "Қарағайлы" мешіті, Қарағайлы, Надыров көшесі, 1а;
  • "Таусамалы" базары, Таусамалы, Қонаев көшесі, 35Б.

Түрксіб ауданы:

  • "Қайрат" мешіті, Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.

Нұр-Сұлтандағы мешіттерде 9 шілдеде таңғы айт намазы оқылады. Елордада белгіленген орындарында құрбандық шалу таңғы сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Нұр-Сұлтанда құрбандық шалуға болатын жеті орын белгіленген:

"Байқоңыр" ауданы:

  • "Жайлау" базары, Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;
  • "Big Шанхай" базары, Алаш тасжолы 34/6 ("Көк базар" арты);
  • "Шопан ата" базары ("Рубик" және "Әмір" базарларының арасы);
  • "Баракат" базары, А 369 көшесі, №10 ғимарат;
  • "Шәушен" шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;
  • "Темеш" шаруа қожалығы, айналма жол 229, 1а.

"Сарыарқа" ауданы:

  • "Ұлжан" әмбебап базары (бұрынғы "Саянұр" базары), Тілендиев даңғылы, 24.

Құрбандыққа шалынған мал еті көмекке мұқтаж жандарға таратылады. Құрбан айт мерекесінде "109" Call-орталығы тәулік бойы жұмыс жасап, халықты құрбан шалу және басқа да өзекті мәселелер жөнінде ақпараттандырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная