28 желтоқсан 2020 | 10:30

Нұр-Сұлтан мен бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

© pexels.com

Еліміздің бес облысы мен Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бес облысы мен Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап. 

28 желтоқсанда күндіз Нұр-Сұлтанда боран соғып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Реклама
Реклама

Түркістан облысы мен Шымкентте кей жерлерде тұман болуы мүмкін.

28 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Сонымен қатар, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуына байланысты өңірде ескерту жарияланды. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Оралда тұман, көктайғақ, түнде бұрқасын болуы ықтимал.

28 желтоқсанда Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 метрге дейін жел соғады, күндіз оның күші 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Көкшетауда да ауа райы қолайсыз болуы ықтимал: күндіз боран соғып, оңтүстік-батыстан секундына 15 метрге дейін жел соғады.

Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма кентінде 27 желтоқсан кешкі сағат 21.00-ден 28 желтоқсан кешкі сағат 21.00-ге дейін ауа райы қолайсыз болады.

28 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. 28 желтоқсанда кей жерлерде тұман, бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, тіпті, екпіні секундына 23 метрге жетуі ықтимал. Осы күні Петропавлда боран соғады.

28-30 желтоқсанда Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Кей жерлерде тұман болуы мүмкін. 28 желтоқсанда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-батысқа қарай жел соғады.

Таразда 28-30 желтоқсанда тұман болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram