ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2019 | 15:58
Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Катар премьер-министрінің орынбасары Хамад бин Абдулазиз әл-Каваримен келіссөздер өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Катар премьер-министрінің орынбасары Хамад бин Абдулазиз әл-Каваримен келіссөздер өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Катар ‒ Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біздің елдеріміз арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Катардың жоғары басшылығы негізін салған сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді", - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.
Елдер арасында визасыз режим орнаған, осы жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта тұрақты рейстер аптасына 7 рет тек астаналар арасында ғана емес, сонымен қатар Алматы мен Доха арасында да ашылмақ, сондай-ақ, Қазақстанда енгізілген ашық аспан режимі аясында "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесімен аптасына 7 жүк рейсі орындалатын болады.
Тараптар туризм, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Показать комментарии
Читайте также