08 ақпан 2022 | 23:50

Нұр-Сұлтан орталығында ғимаратты бұзу сәтінің видеосы жарияланды

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтандағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанындағы Сарайшық көшесінде салынып бітпеген ғимарат толығымен бұзылды. Ғимаратты құлату сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға 8 ақпанда кешке болған.

"Егер сіз шамамен бір сағат бұрын ҚР СІМ ауданында естен кетпес дауылды естіген болсаңыз, онда алаңдамаңыз: бұл жай ғана құрылысы ұзақ уақытқа созылған ғимарат. Сақ болыңыз", - делінген astanovka98 пабликіндегі видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Елорда орталығында салынып бітпеген ғимарат 2021 жылдың тамыз айында бұзыла басталған. Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі бұл нысан ұзақ мерзімді құрылыс деп танылғанын мәлімдеді.

"Ғимарат құрылыс жұмыстарының ережелерін бұза отырып салынған. Сол үшін ұзақ тұрып қалған конструкция бүлінгены. Одан әрі пайдалану қауіпсіз емес", - деп түсіндірді "Astana ӘКК" АҚ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram