Нұр-Сұлтан орталығында көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін төмендетілді

© uganka.ru

Нұр-Сұлтандағы Түркістан көшесінде көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін төмендетілді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтандағы Түркістан көшесінде көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін төмендетілді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістан көшесі бойынан Алматы көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі жол учаскесінде жол апатын болдырмау мақсатында сонымен қатар, осы учаскеде мектеп пен балабақшалар бар екенін ескере отырып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолына жақындаған кезде көлік жылдамдығын сағатына 40 шақырымға дейін төмендетуді міндеттейтін Жол қозғалыс ережесінің 3.24 бойынша "Ең жоғары жылдамдықты шектеу" жол белгісі қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жол белгілері мен жол таңбаларының талабын орындау керегін ескертеді", - делінген хабарламада.


© Яндекс.Карта

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама