ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2022 | 15:15
Нұр-Сұлтан орталығындағы көпір 3 аптаға жартылай жабылады
Нұр-Сұлтанда "Арқар" көпіріндегі жол төсемін жөндеу жұмыстары басталды. Соған байланысты 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында көпір ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарына байланысты көпірдің екі бөлігін жабу жоспарланып отырғаны хабарланды:
- 15 тамыз бен 24 тамыз аралығында – Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы жолайрықтан (Қошқарбаев көшесі бағытында) Қошқарбаев даңғылына дейін;
- 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында – Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы жолайрықтан (Қошқарбаев көшесі бағытында) Сарайшық көшесіне дейін.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также