ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2022 | 13:25
Нұр-Сұлтан орталығындағы көпір қазанның аяғына дейін жөнделеді
Нұр-Сұлтандағы Сарайшық көшесі бойындағы көпір қазанның аяғына дейін жөнделеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтандағы Сарайшық көшесі бойындағы көпір қазанның аяғына дейін жөнделеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік бұған дейін көпірде ақаулар табылғанын хабарлады.
"Көпірдің бір бөлігінде жөндеу жұмыстары аяқталды. 16 қыркүйектен қазанның аяғына дейін көпірдің екінші жағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Қошқарбаев даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы жолайрыққа дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады", - делінген хабарламада.
Әкімдіктегілер көпірде екі бағытта да көлік қозғалысы сақталғанын баса айтты.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістерді болдырмау үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі", - деп толықтырды әкімдік өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также