13 мамыр 2021 | 16:18

Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолы қашан ақылы болатыны белгілі болды

Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда республикалық маңызы бар үш тасжол биыл жазда ақылы болады. Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолы барлық көлік түрі үшін ақылы болса, Павлодар-Семей және Павлодар-Омбы жолдары тек жеңіл көліктерге тегін болады. Бұл туралы Павлодар облыстық "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бөлімшесі хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда республикалық маңызы бар үш тасжол биыл жазда ақылы болады. Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолы барлық көлік түрі үшін ақылы болса, Павлодар-Семей және Павлодар-Омбы жолдары тек жеңіл көліктерге тегін болады. Бұл туралы Павлодар облыстық "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бөлімшесі хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық компания мәліметі бойынша, алғашқы ақылы жол Павлодар-Нұр-Сұлтан автобаны арқылы өтеді.

"Қазірдің өзінде бақылау орны дайын. Төлем жүйесі ашық болады, яғни ешқандай шлагбаум болмайды. Әр өткізу орнында сканер, камера орнатылған, олар көлік нөмірін, қозғалыс жылдамдығын және басқа да деректерді ескереді. Павлодар-Нұр-Сұлтан тасжолы бірінші санаттағы жолдарға жатады. Сондықтан жүк және жеңіл көлік үшін ақылы болады. Павлодар-Омбы және Павлодар-Семей жолдары жеңіл көліктер үшін тегін болады", - деді Павлодар облыстық "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бөлімше директоры Ақылбек Қабылдин.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қозғалыс құны көлік түріне байланысты болады.

"Биылғы мамыр-маусымда инвесторлар барлық үш бағыт бойынша жол белгілерін орнатады. Қазір Байет кенті маңында дәретханалар қойлған. Онда тәулік бойы клиенттерге қызмет көрсету орталығы орнатылды, мамандар жүргізушілер сұрағына жауап береді. Дәл осындай екінші орталық Ленин ауылында болады. Төлем сомасы бойынша өз тарифі бар. Жеңіл көлік жүргізушілері үшін Павлодар-Нұр-Сұлтан жолының бір шақырымы шартты түрде бір теңге тұрады, жүк көліктері үшін баға көлік түріне байланысты анықталады", - деді Қабылдин.

Тасжол нақты қай күні ақылы болатыны әлі аталған жоқ.

"Ақылы жүйені биыл маусымда енгізу жоспарланып отыр. Ақша жолдарды күтіп ұстауға және толық қызмет көрсетуге, қосымша арнайы техника сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, биыл орташа жөндеу және күтіп ұстау аясында Павлодар-Нұр-Сұлтан автожолына қосымша қар ұстайтын қоршаулар орнатуды жоспарлап отырмыз", - деді Қабылдин.

Айта кетейік, биыл ақпанда ақылы жүйе төрт республикалық жолда автоматты режимде жұмыс істейді деп хабарланған болатын. Бұл жүйе бес тасжолда сыналады. 2021 жылдың соңына қарай Қазақстанның тағы 18 тасжолында жол жүру ақылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная