05 сәуір 2019 | 09:47

Нұр-Сұлтан - Токио бағатында ұшатын рейстерге қаржы бөлінді

Дина Муратова Редактор
© Виталий Белоусов/РИА Новости

Қазақстан үкіметі Нұр-Сұлтан мен Токио бағытындағы тікелей рейстерге 1,45 миллиард теңге қаражат бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан үкіметі Нұр-Сұлтан мен Токио бағытындағы тікелей рейстерге 1,45 миллиард теңге қаражат бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл бағыт екінші жартыжылдыққа жоспарланып жатыр, ұшу жиілігі аптасына екі рейс. Қаржыландыру бағыт экономикалық тұрғыда өзін ақтағанша жалғасады. 2019 жылдың 30 қаңтарында үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың соңына дейін АҚШ, Жапонияға тікелей бағытта ұшатын рейстерді қосуды тапсырған.

Реклама
Реклама

"Өткізілген талдаудың нәтижесі бойынша Жапонияға бағыт алатын рейс 2018 жылда аптасына 142 жолаушыны тасиды, оған қоса бағыттың ұзақтығы экономикалық тұрғыдан қолайсыз болып саналады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мұндай бағыттағы рейстер алғашқы 2-3 жыл қаржылық тұрғыда өзін толықтай ақтамайды. Себебі ұшақ 20-40 пайыз жолаушылармен ұшса ол өзін ақтамайды, рейсте тек жолаушылардың 70-80 пайызынан кем болмауы экономикалық тұрғыда өзін ақтайды, сондықтан пайдасы тиімді болатын бағыттарға қосымша қаржыландыру жоспарланып жатыр, бұл тәжірибе шет елдерде де қолданылады", - деді Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная