ПОДЕЛИТЬСЯ
16 маусым 2021 | 15:33
Нұр-Сұлтан тұрғындары карантинді басқа өңірлерге қарағанда 2 есе жиі бұзады
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан қаласы неге әлі "қызыл" аймақта екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан қаласы неге әлі "қызыл" аймақта екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Есмағамбетованың айтуынша, бірінші себеп - карантин шараларының сақталмауы.
"Егер бүкіл ел бойынша карантинді бұзу деректерін салыстыратын болсақ, онда маусымда ел бойынша - 1 пайыз, Нұр-Сұлтанда 3,5 пайыз дерек тіркелген. Яғни, Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары екі есе жиі бұзылатынын көріп отырмыз", - деді Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.
Есмағамбетованың айтуынша, Нұр-Сұлтанның "қызыл" аймақта қалуының тағы бір себебі Ashyq жүйесінің мүмкіндігінде. Ол "қызыл" мәртебесі бар астаналықтар адам көп жиналатын орындарда анықталып жататынын айтты.
"Олар ПТР-сынамасы оң екенін біле тұрып карантин режимін бұзады және халық көп жиналатын жерлерге баруға тырысады. Бүгінде ел бойынша осындай сегіз мың адам анықталды, олардың шамамен 50 пайызы Нұр-Сұлтанда. Осы көрсеткіштің бәрі тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалдың басты себептердің бірі", - деді Айжан Есмағамбетова.
Санэпидбақылау комитетінің басшысы назар аударған тағы бір маңызды себеп - вакцинация қарқыны төмендеуінде. Қалада халықтың 27 пайызы вакцина алған.
"Сәуірде - 98 мың, мамырда - 52 мың, ал маусымда 16 мың адам екпе салдырған. Яғни, күн сайын вакцина алғандар саны азайып бара жатқанын көреміз. Осы параметрдің бәрі коронавирустың тарауына және Нұр-Сұлтанның "қызыл" аймақта қалуына ықпал етеді.
Сондықтан, құрметті Нұр-Сұлтан тұрғындары, егер "қызыл" аймақтан шыққымыз келсе, карантин режимін сақтауымыз керек. Бұл қаладағы жағдайды қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді", - деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также