26 наурыз 2021 | 12:10

Нұр-Сұлтанда 150 ғимаратта жарық "сөнеді"

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

27 наурызда Нұр-Сұлтанда "Жер сағаты" акциясы құрметіне 150-ден аса ғимаратты безендіріп тұрған сыртқы жарық өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

27 наурызда Нұр-Сұлтанда "Жер сағаты" акциясы құрметіне 150-ден аса ғимаратты безендіріп тұрған сыртқы жарық өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына сілтеме жасап.

"Ертең, 27 наурызда, жаппай "Жер сағаты" акцясы өтеді. Негізгі мақсат-адамдардың назарын планетаның ресурстарына жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға аудару. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адам бір сағатқа жарық пен электр құралдарын сөндіреді", - делінген хабарламада.

Орталық екінші жыл қатарынан акцияға еліміздің барлық өңірі қосылғанын айтты.

Реклама
Реклама

"20.30-да елорда нысандарының сыртық безендіру жарықтары сөнеді:

  • "Астана-Арена","Алау" мұз сарайы, "Барыс Арена",
  • "Мәңгілік Ел" монументі (салтанат қақпасы), NUR ALEM Болашақ энергиясы мұражайы, "Астана Опера" опера және балет театры, "Бәйтерек" монументі, "Қазақ елі" монументі",
  • Сарайшық көшесі бойынша М2 және Сығанақ көшесі бойынша М3 көпірі,
  • Қазмедиаорталығы, Talan Towers БО, "ҚТЖ" АҚ ғимараты, "Хан Шатыр" сауд, Ailand, Mega Silk Way сауда орталығы, "Сарыарқа" сауда орталығы, ІІМ ғимараты,
  • Назарбаев Университеті, "Жекпе-Жек" СК",
  • Ақ Орда " Президентінің резиденциясы",
  • "Әзірет Сұлтан" мешіті, Ұлттық мұражай, "Шабыт" шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы,
  • сондай-ақ, 150-ден аса тұрғын үй кешенінде", - делінген хабарламада.

Акцияны ұйымдастырушылар: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы, "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы", QazExpoCongress ұлттық компаниясы, Eco Fund Tabigat қоғамдық қоры, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная