ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2021 | 17:15
Нұр-Сұлтанда 175 адам мектептен эвакуацияланды
Нұр-Сұлтандағы жеке мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келді. 175 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицияға, "102" арнасына сағат 11.32-де Astana Garden School жекеменшік мектебінің электрон поштасына мекемеде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келгені хабарланды. Барлық шұғыл қызмет дереу оқиға орнына жіберілді. Мектептен 175 адам эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ", - делінген хабарламада.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2020 жылы осындай 10 қылмыс тіркелген.
"Полиция қызметкерлері барлық кінәліні анықтап, ұстады. Барлық дерек бойынша ұсталғандар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деді департамент өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также