ПОДЕЛИТЬСЯ
26 маусым 2020 | 17:14
Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз екіжақты пневмониядан қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз екіжақты пневмония диагнозымен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз екіжақты пневмония диагнозымен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"1995 жылғы Нұр-Сұлтан тұрғыны 19 маусымда жедел жәрдеммен № 1 қалалық ауруханаға жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде ентігу, ауа жетіспейтінін, дене қызуы көтерілгенін және әлсіреу болғанына шағымданды.
Ауыр жағдай тыныс алу жетіспеуіне байланысты болды. Қарқынды терапияға қарамастан науқастың жүрегі тоқтап, қайтыс болды", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Дәрігерлер реанимациялық шаралар өткізді, бірақ соған қарамастан 25 маусымда биологиялық өлім анықталды. Диагноз-ауыр дәрежедегі екі жақты полисегментарлы пневмония, тыныс алудың жетіспеушілігі. Марқұмда коронавирус бар-жоғы хабарланбады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также