16 мамыр 2021 | 09:31

Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала оныншы қабаттан құлап кетті

Иллюстрациялық фото: rusdialog.ru

Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала тұрғын үй кешендерінің бірінде оныншы қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала тұрғын үй кешендерінің бірінде оныншы қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін 17.23-те көз алдымда бір бала қаза болды. Ол 10-қабаттан құлады, 3-4 жаста. Барлық қызметке қоңырау шалдым, бірақ бала сол жерде қайтыс болды. Ата-аналар терезелерді қашан жауып жүреді?", - деп жазды Facebook қолданушысы.

Бұл ақпаратты елордалық ПД растады. "14 мамырда сағат 17.39-да "102" желісіне тұрғын үй кешендерінің бірінде 2016 жылы туған бала 10-қабаттың терезесінен құлап кетті деген хабар түсті. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", - деді полициядағылар.

Реклама
Реклама

Бұл факт Соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полиция ата-аналарына балаларды қараусыз қалдырмауға және терезе торына сенбеуге шақырды.

Осыған ұқсас қайлығы оқиға 14 мамырда Көкшетауда болған еді. Көппәтерлі үйдің 7-қабатындағы ашық терезеден бір жасар қыз құлап, қаза болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная