Нұр-Сұлтанда 719 медицина қызметкері вакцина салдырды

Нұр-Сұлтанда 719 медицина қызметкері вакцина салдырды Фото: elements.envato.com

Елімізде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов вакцинация туралы кейінгі деректерді бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда 916 медицина қызметкері вакцинациядан өтуі тиіс болған, оның 719-ы екпе салдырды, қамту - 78,5 пайыз.

Бүгінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 вакцинасы бар", - деді ол.

Бірінші кезеңде вакцинация 5 қалалық емханада жүргізіліп отыр. Алайда Тимур Мұратовтың айтуынша, келешекте халықты жаппай вакцинациялау басталған сәтте, қала бойынша 36 ұйымда ем-шара бөлмелері ұйымдастырылады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама