Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды құтқарған екінші адам кім?

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды құтқаруға көмектескен екінші ер адамға пәтер берілді, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды құтқаруға көмектескен екінші ер адамға пәтер берілді, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Баланы құтқаруға көмектескен екінші батыр - Сағи Жылқышиев. Ол видеоға түспеген, себебі Сәбит Шонтақбаев кішкентай қызды құтқаруға терезеге шыққан кезде, Сағи Жылқышиев іште оны ұстап тұрған.

Сағи Жылқышиевке құрылыс салушы екі бөлмелі пәтер берді. Жаңадан салынып жатқан үй қыркүйекте тапсырылады деп жоспарланған. Әкімдік ер адамға отбасын көшіріп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берді.

Реклама
Реклама

Сағи да Қызылорда облысының тумасы. Елордада пәтер жалдап, Сәбитпен бірге құрылыста жұмыс істейді.

Сағи Жылқышиев © ktk.kz

Еске салайық, оқиға 11 мамырда Нұр-Сұлтанда болған еді. Екі ер адам жұмысқа бара жатып, терезеде ілініп тұрған үш жасар қызды көрген. Сәбит пен Сағи бірден ішке қарай жүгіріп, көрші үйдің терезесінен баланы қағып алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама