26 наурыз 2020 | 18:24

Нұр-Сұлтанда 80 бала карантинде жатыр

Фото: elements.envato.com

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда 1156 адам жатыр, оның ішінде 80 бала бар. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда 1156 адам жатыр, оның ішінде 80 бала бар. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылдың 26 наурызы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда 1156 адам жатыр, оның ішінде 80 бала бар. 61 адам коронавирус жұқтырған.

Реклама
Реклама

"Бүгін тіркелген 20 науқастың 14-і бұған дейін стационарлық емдеуде жатқан. Бірінші жағдайда, науқас ЖРВИ белгілері бар азамат дене қызуы көтеріліп, пневмонияға қауіпті болып ауруханаға жатқызылған. Екіншіден, бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен 24-25 наурызда байланыста болған. Келесі тұлғалар шет елдерден әуежайға келіп, коронавирус инфекциясына талдау жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын коронавирусқа анықтау барысында 6 жағдай оң нәтиже көрсетті", - деді Сәуле Қисықова.

Басқарма басшысының айтуынша, 61 науқыстың ішінде 4 науқастың жағдайы ауыр. Олардың тыныс алу жолдары тарылып, пневмониямен ауырып жатыр.

Айта кетейік, 2020 жылдың 26 наурызы сағат 16.20-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 109 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында - 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді.
Сонымен қатар, Қазақстанда 2 адам коронавирустан емделіп шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram