Нұр-Сұлтанда Ана мен бала орталығында өрт шықты

Нұр-Сұлтанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұр-Сұлтанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"101" кезекші пультіне өрт туралы хабар 7 сәуірде 13:50-де түскен. 

"Жер төледегі қабатта "Б" блогында 0,5 шаршы метр аумақта электр қалқанында кабель өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызметкерлер 200-ге жуық адамды қауіпсіз жерге шығарған. Өрт 14.04-де ауыздықталып, 14.08-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖК хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 8 адамы мен екі арнайы техника жұмылдырылған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама