10 қыркүйек 2021 | 15:50

Нұр-Сұлтанда арнайы бағдаршамдар пайда болды

Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда алғаш рет жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды тестілеу басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда алғаш рет жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды тестілеу басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала қиылыстарында жарығы бар жаяу жүргіншілер бағдаршамы қолданылады. SWARCO өндірушісінің жаңа бағдаршамы әдеттегі дыбыстық функцияны толықтыратын болады. Енді бағдаршамның қызыл жарығы тротуарға да түседі тиісінше жаяу жүргіншілердің смартфонының дисплейіне де шағылысатын болады.

Реклама
Реклама

Жаяу жүргіншілер бағдаршамы жердегі жарықтандыру функциясын орындап қана қоймайды, сонымен қатар екі көзі телефонда, "басын салбыратып жүретін" өскелең ұрпақтың назарын аударады. Осылайша жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосады.

Жаяу жүргіншілер бағдаршамының жаңа моделінде мынадай артықшылықтар бар: ымырт үйірілгенде және түнгі уақытта тротуарға қызыл жарық түсуіне байланысты бағдаршамның қызыл белгісі жақсырақ көрінеді, смартфонның дисплейіне бағдаршамның қызыл сигналы түсуі арқылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі артады және тротуардың шетінде қызыл түспен белгіленген орындардың арқасында жаяу жүргіншілерді көлік жүргізушілері жылдам байқайды.

Бағдаршамның тәжірибелік нұсқасы 9 бағдаршам объектісіне қолданылды.

1) Жеңіс даңғылы, 45;
2) Абай даңғылы - Мұражай;
3) Пушкин көшесі - ЕҰУ;
4) Мұңайтпасов көш, 16;
5) Қорғалжын тас жолы - Думан;
6) Мәскеу көшесі - 14 мектеп;
7) Тұран даңғылы - Орталық саябақ;
8) Тәшенов көшесі - Алатау СК;
9) Жирентаев көшесі - 22 мектеп.

Бұдан бөлек дыбыстық жол көрсету жүйесі бар бағдаршамдар орнатылды. Бұл жаяу жүргіншілер, әсіресе көзі нашар көретін жұрт үшін тиімді. Осылайша, жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздік жағдайлы едәуір артады.

Мұндай бағдаршамдар қаланың 7 объектісінде орнатылған:
1) Қабанбай батыр даңғылы - №17 мектеп;
2) Сейфуллин мен Уәлиханов көшелерінің қиылысы;
3) Қабанбай батыр даңғылы - AIU;
4) Республика даңғылы - Жастар сарайы;
5) Бөгенбай батыр даңғылы - Уәлиханов көшесі;
6) Қабанбай батыр даңғылы - Салтанат сарайы;
7) Алаш тасжолы - Жолымбет көшесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная