16 маусым 2021 | 17:01

Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай әуежайға қайта қонды

Камила Долаева Журналист

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан әуе кемесі көп ұзамай елорда әуежайына оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан әуе кемесі көп ұзамай елорда әуежайына оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 16 маусымда күндіз болды. FlyArystan әуе кемесінің ұшағы қайтып келді. Бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметіндегілер растады.

"А320 ұшағы сағат 14.34-те Алматы әуежайына ұшып шықты. Алайда кейінірек техникалық себептерге байланысты борт Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға оралды. Әуе кемесі ауыстырылады. Қайта ұшу 19.10-ға жоспарланған болатын, бірақ соңғы мәліметтер бойынша рейс 23.40-қа дейін шегерілді", - деді әуежай өкілдері.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz редакциясы бұл жағдай бойынша FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметіне хабарласты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram