28 шілде 2022 12:49

Нұр-Сұлтанда әуежайға "мина қойылды" деген хабар түсті

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото Тұрар Қазанғапов

Әуежайдың электрон поштасына қолдан жасалған жарылғыш құрылғы туралы хабарлама жіберілген. Полиция бұның жалған екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әуежайдың электрон поштасына қолдан жасалған жарылғыш құрылғы туралы хабарлама жіберілген. Полиция бұның жалған екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 9:46-да авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электрон поштасына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ.

Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram