ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2020 | 14:36
Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысын тоқтату ұсынылды
Нұр-Сұлтанда карантин уақытында қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтату ұсынылды. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирустың алдын алу жөніндегі жедел штабқа карантин кезінде қоғамдық көлік қозғалысын толық тоқтату туралы ұсыныстар енгіздік", - деді Бекмырза Игенбердинов.
Еске салайық, бұған дейін елордадағы автобустарда қолма-қол төлем жасауға тыйым салынғаны хабарланған.
27 наурыздан бастап Нұр-Сұлтандағы жолаушылар автобустың алдыңғы есігі арқылы кіре алмайды, ал жүргізушілер лента арқылы қоршауға алынады. Сонымен қатар, астаналық автобустарда қолма-қол төлем жасауға тыйым салынды. Әкімдік мәліметінше, бүгінде қолма-қол төлемсіз жол ақысын беру - 98 пайыз.
26 наурыздан бастап Нұр-Сұлтандағы автобустар кешкі сағат 19:00-ге дейін ғана жүре бастады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также