05 қазан 2021 10:11

Нұр-Сұлтанда автобустар кешігіп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты көлік кептелісі орын алып, автобустар кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты көлік кептелісі орын алып, автобустар кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2GIS картографиялық жүйесі бойынша қаланың кейбір жолдарында тоғыз нүктелі кептеліс бар. Орталық көшелерде көлік қозғалысы қиындаған.

Полицияның мәліметінше, елордада тәулігіне 96 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Реклама
Реклама

Елордалық CTS көлік компаниясы автобустар кешігіп жатқанын хабарлады.

"Ауа райының бұзылуына байланысты (қардың түсуі, көктайғақ), көлік қозғалысы мен қоғамдық көліктің жылдамдығы төмендеді, автобустарда кідіріс бар. Қоғамдық көліктің жолағы жоқ бос учаскелер автобус интервалының бұзылуына әкеліп жатыр", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Хабарламада айтылғандай, жолдарда қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті.

"CTS жүргізушілерге жолдарда сергек болуға және баратын жерді алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерден жолда барынша мұқият болуды, қашықтықты сақтауды, жылдамдық режимін асырмауды, күрт тежеуден аулақ болуды сұраймыз", - деп қорытындылады компания.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 5 қазанда қала бойынша жол тазалау үшін 500-ден астам арнайы техника мен 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram