ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2021 | 10:30
Нұр-Сұлтанда бағдаршамға "шабуыл" жасаған жасөспірім ұсталды
Нұр-Сұлтанда бағдаршамды қасақана сындырған жасөспірім видеоға түсіп қалды. Енді 15 жастағы жасөспірім әкімшілік жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға бағдаршамды сындырған жасөспірім туралы куәгерлер хабар берген. Оқиға Қарасай батыр көшесіндегі "Забава" дүкені маңында болған.
Бағдаршамға "шабуылдау" сәті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мектеп оқушысы көп ұзамай ұсталды.
"Кәмелетке толмаған бала Сарыарқа ауданы ПБ-ға жеткізілді, онда жасөспірімнің ата-анасы да шақырылды.
Заңды өкілге қатысты әңгіме жүргізілгеннен кейін ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Елордалық Полиция департаменті бұзақылық әрекеттер мен мүлікке зиян келтіргені үшін жауапкершілік барын еске салады", - деді полиция өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также